Ұлттық экономиканы дамытуда табиғи ресурстарды бағалау

Авторлар

  • А. Оңдаш

Аңдатпа

Мақалада табиғи ресурстарды бағалау тәсілдеріне шолу жасалған және экономикалық бағалау мақсатында табиғи ресурстардың классификациясы ұсынылған. Бағалаудағы негізгі қиындықтар ресурстар мен ресурстарды тұтыну процесін экономикалық бағалаудың жалпы мақұлданған әдістемесінің болмауынан және сәйкес құқықтық, нормативтік-әдістемелік базаның әлсіздігінен туындайды. Бұл табиғи ресурстарды негізгі өндірістік қорлар, ғимараттар және басқа да құрылыстар құндарымен қатар ұлттық байлық құрамында көрсетуге, есептеуге жол бермейді. Осыған байланысты ең негізгі мәселе – ол табиғатты құраушы әр түрлі компоненттерді бағалаудың бірыңғай көрсеткіштер жүйесін жасауға мүмкіндік беретін, табиғатты пайдалану мен экономика мүдделерін түйістіру тұрғысынан оптималды болып есептелетін, табиғи ресурстарды экономикалық бағалаудың жалпы концепциясын жасау болып саналады. Қазіргі таңда экономикалық ғылымда табиғи ресурстар ұлттық байлық құрылымында көрініс табу үшін табиғи ресурстарды экономикалық бағалаудың негізгі тәсілдері дамып отыр.
Түйін сөздер: табиғи ресурс, ұлттық экономика, тәсіл, бағалау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-03