Қазақстан бойынша негізгі батыстық зерттеулерге шолу
Аңдатпа
Мақалада батыс зерттеушілерінің Қазақстан тарихы, саясат, экономика және мәдениетін зерттеу бойынша еңбектеріне талдау жасалынған. Әр түрлі авторлардың Қазақстанның геосаяси, қауіпсіздік және саяси ұстанымдарына ғана арналған емес, сонымен қоса ішкі мәселелерін, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттейді. 2000 жылдардың аяғына таман Орталық Азияға қатысты шет елдік қызығушылық бітіп, барлық мәселелер зерттелген сияқты көрінген болатын. Ауғанстандағы НАТО әскерінің орналасуы арқылы тұрақтылықты ұстап тұруын есептемесек, Батыстың Орталық Азияға қатысты геосаяси қызығушылығын жоғалтқан сияқты көрінді. Алайда, тез арада барлығы өзгереді: бір жағынан, Батыс Ресейдің Еуразиялық Одақты құрудағы ұмтылысын тездетуі, екінші жағынан – Орталық Азиядағы Қытайдың рөлінің өсуі батыстық стратегтердің көңілінен шықпайды. Иран, Үндістан факторларын қосымша қосатын болсақ, Орталық Азия үшін геосаяси таластың аяқталғанын емес, жаңа фазаға кіргенін байқауға болады. Батыстық зерттеушілердің жұмыстарына талдау нәтижесінде авторлар осындай ойға келеді.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, батыстық зерттеулер, қауіпсіздік мәселелері, Еуразия, тарихнама, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
