Жібек жолының экономикалық белдеуінің жандануы

Авторлар

  • А. Бекмухаметова
  • А. Хамзаева

Аңдатпа

Әлемдегі басқа елдермен салыстырғанда, кейбір төмендеулерге қарамастан, экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын сақтап тұрған Қытай жаһанды экономикада ірі өндіруші және инвестор болып табылады. Сәйкесінше, заманауи жағдайда Ұлы Жібек жолын жандандыруға бағытталған жаңа қытайлық ықылас үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл бастама Жібек жолы бойында орналасқан елдердің, соның ішінде Қазақстанның, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Бұған қоса, өзінің бастамасын практикалық түрде жүзеге асыру мақсатында Қытай капиталы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталатын Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі және Жібек жолы қоры сияқты жаңа даму қаржы институттарын қалыптастыруда. Жаңа бастамалар Орталық Азия республикалары үшін әлемдік экономикада маңызды ойыншылар болуға тарихи айтқысыз мүмкіндік береді. Одан басқа, көне Жібек жолы бойында орналасқан көптеген мемлекеттер, әсіресе теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ Орталық Азия елдері үшін, халықаралық сауда дәліздері экономикалық өсу әрі дамудың негізгі ынтасы болып табылады.
Түйін сөздер: Жібек жолы, экономикалық даму, инвестициялар, экономикалық өсу, халықаралық сауда, логистика.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-01