Қaзaқстaн Республикaсының ЕАЭО мүшесі ретінде ДСҰ-ғa қaтысуының коллизиялық қырлaры
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі мемлекеттің халықаралық интеграциялық үдерістерге енгізілуі болып табылады. Осыған орай, 2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанға ДСҰ басқа мүшелерінің нарықтарына осы елдердің ішінде тауарларды тасымалдау кезінде қолданылатын көлік тарифтері бойынша тауарларды экспорттауға мүмкіндік береді. ДСҰ-ның негізгі мақсаттары – әлемдік экономиканы нығайту және сауданы кеңейтуге күш-жігерді жұмсау, инвестицияның, жұмыс орындарының көбеюі және әлемдегі табыс деңгейінің көтерілуі. 2010 жылдан бастап Қазақстан 2015 жылы 1 қаңтардан Еуразиялық экономикалық одаққа айналған үш мемлекет Кеден одағының мүшесі болып табылады. Кеден одағының қатысушы-елдері үшінші мемлекеттермен сауда жасау кезінде бірыңғай кедендік тарифтер мен реттеудің өзге де шараларын қолданады. Мақалада Қазақстан Республикасы міндеттеме алған ДСҰ мен ЕАЭО шеңберіндегі кедендік мөлшерлемелердің сәйкессіздігі және осы ұйымдар шеңберінде тауарларды реэкспорттау мәселелері қарастырылады.
Түйін сөздер: құқық, үйлестіру, заңнама, интеграция, ЕАЭО, ДСҰ, кедендік режим, баж.
