Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы жүйелі трансформация мен демократиялық процесс: синергетикалық әсері
Аңдатпа
Жүйелі трансформацияның белсенді кезеңі КСРО мен Шығыс Еуропа елдеріндегі социалистік жүйенің құлдырауы, дәлірек айтқанда, 1980 жылдардың аяғында орын алған бейбіт («бархат» және «жұмсақ») революциялардан бастау алады. Ширек ғасыр өткен соң, 90-жылдардағы мен 2000 жылдардың басындағы қиын өтпелі кезеңді қайта қарастырудың сәті түсті. Онымен қоса, «Ресей де, Еуразия да хаостық, белгісіз жағдайдың үлгісін көрсету кезінде», «хаос» пен «басқарылатын хаос» процесінде, еуразиялық кеңістікте қайшылықтарға толы, логикалық түсіндіруге келмейтін мәселелер орын алып отыр. Жаңа ғасырдың екінші онжылдығының соңында әлем бір «хаостан» кейін (Кеңес Одағының ыдырауы) екінші «хаос» туындап жатқан өзіндік «домино» әдісімен көзбе-көз келді. ХХI ғасырдың басында халықаралық процестерді зерттеу барысында ғылыми парадигмалардың ауысуы көрініс алды. Әдебиетте қайтадан «күйреу» процестерінің әсері және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен посткеңестік елдердің халықаралық жүйенің кейінгі өзгерістеріне қатысты жинақтаушы потенциалы жөнінде сөз қозғалады.
Түйін сөздер: трансформация, «барқыт революциясы», «басқарылатын хаос», синергетика тәсілі, Шығыс Еуропа, Орталық Азия.
