Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы
Кілт сөздер:
ядролық қарудан азат аймақ, Орталық Азия, ядролық державалар, ядролық қаруды таратпау туралы шарт,Аңдатпа
Бұл мақалада Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа (ОА ЯҚАА) қатысты ядролық державалардың ұстанымына талдау жасалған. ЯҚАА құру жөніндегі келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер мен аймақтың өңірлік ерекшеліктері көрсетілген. Аталмыш аймақта ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы оның орналасу жеріне байланысты екендігі атап өтілді. Сондай-ақ ОА ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шартпен рәсімделу үдерісі талданған. Авторлар, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды. Сонымен бірге әлемнің басқа өңірлерінде құрылуы мүмкін осындай аймақтар ОА ЯҚАА тәжірибесін ескеруге болады, ал орталық-азиялық республикалардың өкілдері бұдан бұрын құрылғын әлем аймақтарының халықаралық тәжірибесін ескерді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/85
