Ғaлaмдық aқпaрaттық-коммуникaциялық желілерді пaйдaлaнумен жaсaлғaн қылмыс субъектілерін aнықтaу мәселелері

Авторлар

  • L. Tatarinova
  • S. Shankibaeva

Аңдатпа

Компьютерлік технологияның дамуы жиырмасыншы ғасырдың аяғы мен жиырма бірінші ғасырдың басындағы адамзат өркениетінің нәтижесі болып табылады. Қазіргі уақытта компьютерлік технологияның көмегінсіз толыққанды жұмыс жасайтын бірде-бір сала жоқ, атап айтқанда, жекелеген базалық деректермен жұмыс істеу және бағдарламалармен қамтамасыз ету.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың кеңінен таралуы компьютерлер арқылы жасалатын қылмыс түрлерінің пайда болуы мен артуына ықпал етті. Мұндай актілердің қылмыстық-құқықтық сипаттамаларына, оларды жасаған адамдарға, қылмысты алдын алу әдіс тәсілдеріне байланысты, сондай-ақ компьютерлік технологиялар саласындағы қылмыспен күрес, тергеу жұмыстарына қатысты объективтік қиындықтар туындайды.
Компьютерлік технологиялар саласында қылмыстарға қарсы күрес мәселелері негізінен олардың трансшекаралық сипатына байланысты, мемлекеттер арасындағы нақты шекаралар, Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге арасындағы қашықтық, қарым-қатынас, олардың тілдерінде айырмашылық маңызды емес болып табылады. Бұл жағдайда тек компьютерлік сауаттылығы мен дайындығы болуы маңызды. Киберқылмыс субъектісіне байланысты нақты мәселені шешу
осы зерттеу жұмысында қарастырылған. Өйткені, ақпараттандыру саласында қылмыс жасаған
адамдардың жас өлшемдерін төмендету қажеттілігінің уақыты келді.
Бұл мақалада зерттеу саласындағы қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру үшін
практикалық маңызы бар бірқатар ұсыныстар берілген. Зерттеу қорытындылары ақпарат
саласындағы құқық бұзушылықтар тақырыбын ары қарай ғылыми зерттеуге және ақпарат
саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету нормаларына тікелей
пайдалануға болады.
Түйінсөздер:
қылмыстылық,
киберқылмыстылық,
aқпaрaтты қорғaу, субъект,
aрнaйы субъект,
жaс мөлшері,
жaуaптылық.

Жарияланды

2018-11-09

Журналдың саны

Бөлім

Хaлықaрaлық және мемлекетішілік құқық мәселелері