Қазақстанның ұлттық құрылысындағы демократиялық нормалардың іске асырылуын бағалау

Авторлар

  • Mukesh Kumar Mishra ᅠ

Аңдатпа

Еуразияның ортасындағы Қазақстан көп уақыт бойы әлемдегі ежелгі өркениет пен негізгі транспорттық жол қиылыстарында орналасып келді. Осылайша, мемлекеттің Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және идеологиялық қарым-қатынастардың орталығы болуға бірден бір негізі бар. Тарихтың түрлі кезеңінде Қазақстан көптеген мәдени тарихы ұқсас халықтарға пана болды. 1991 жылға дейінгі кезеңдегі Орталық Азия елдері үшін алғашқы және басты сұрақ мемлекеттік құрылыс туралы болатын. Тәжірибенің көрсетуінше, Орта Азиялық элита жария (ашық) саясатқа және демократизацияға белсенді қарсылық көрсеткен кеңестік саяси мекеменің аса консервативті элементіне тиесілі болды. Тіпті қайта құру кезеңінде де Орталық Азия лидерлері өз елдерінде түрлі оппозициялық партиялар мен топтардың пайда болуын өз позициялары мен үкіметке тікелей қарсылық деп қабылдады. Олар «өндіріссіз және жойқын реформалар» мен саяси және мемлекеттік институттардағы өз билігін демократизациясыз және радикалды өзгерістерсіз нығайту идеяларымен бас қатырды. Бұл 90-шы жылдар бойы аймақта болған интеллектуалды
дискурстағы басымдылыққа ие болған Орта Азия Республикалары (ОАР) үшін «даму үлгісі»
мүмкіндігі туралы талқылауды тоқтатпады. Әсіресе, бұл үрдістер Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін,
тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда қарқынды жүріп
жатты. Бірқатар даму үлгісі алынды – түрік зайырлы саяси үлгісімен иран теократиялық үлгісін
салыстырғанда, қытайлық ақырын экономикалық реформа үлгісімен Ресейдің күйзеліс терапия
үлгісін салыстырғанда, т.б. – және бұл тек кейбірі ғана. Қазақстанның ұлттық құрылысындағы
демократиялық нормалардың іске асырылуының қазіргі таңдағы бағалауын қарастырайық.
Түйін сөздер: Орталық Азия, демократия, нормалар мен құндылықтар, ұлттық құрылыс, даму
таңдау модельдері.

Жарияланды

2018-11-09

Журналдың саны

Бөлім

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мәселелері