Қазақстанның көлік саласын заманауи жағдайларда талдау

Авторлар

  • А. Мырзахметова

Аңдатпа

Заманауи шындық мынада: теңізге тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ, негізгі әлемдік нарықтардан шалғай орналасқан елдер мен халықаралық транспорттық байланыстардың даму саласында ынтымақтасуға дайын емес елдер жиі экономикалық тоқырауға душар болады. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында транзит және транспорттық кешеннің дамуы, елдердің әлемдік транспорттық жүйеге интеграциялануы мен халықаралық саудаға қатысуының маңызды шарттарының біріне айналуда. Транпорттық сала, логистика мен транзиттің дамуы мемлекеттік бюджетті транзиттік және транспорттық тасымалдары төлемдерінің есебінен қосымша кіріспен толықтырудың көзі болып табылады. Әсіресе халықаралық саудаға негізгі өткізу нарықтарынан алыс орналасқан елдерге қатысу қиындық туғызады. Алшақтық факторының болуы, транспорттық жеткізулердің дамымауы, транспорттық коммуникациялармен көрші елдерде жүрудің жоғары тарифі, бірқатар мемлекеттік шекаралардан өту қажеттігі айтарлықтай транспорттық шығындарға әкеледі, ол өз кезегінде континентішілік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да дамуын тежейді. Мақалада автор транспорттық кешеннің түрлі салаларының мәселелерін және даму жағдайы мен транзиттік әлеуетті зерттейді. Автор халықаралық транспорттық тасымалдың заманауи үрдістері мен ерекшеліктерін анықтайды, саланың дамуы бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар береді.

Түйін сөздер: транзиттік әлеует, транспорттық кешен, халықаралық транспорттық дәліздер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономика және Қазақстан экономикасы мәселелері