Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрестің құқықтық мәселелері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі туберкулезбен күрестің нормативті- құқықтық аспектілері қарастырылған. Заманауи емдеу тәсілдері мен қоғамдық денсаулық сақтауда жаңа іс-шаралардың жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, туберкулез ХХІ ғасырда Қазақстан мен шетелдік денсаулық сақтау саласында қауіп төндіретін ауру түрлері қатарына кіреді. Дәстүрліжәне жаңа нысандағы көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен күрес қоғамдық денсаулық сақтау орындарынан жоғарғы деңгейдегі күресу механизмдерін енгізуді қажет етеді. Осындай механизмдер қатарына туберкулезді анықтау мен қадағалауда және аталған ауру түрімен күресуде заңнаманы оңтайлы пайдалану кіреді. Аталған мақаланың мақсаты барлық әлеуметтік-маңызды аурулары қарастыру емес, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы түберкулезбен ауыратын азаматтардың құқықтық реттелуі мен қадағалануын қарастыру. Авторлар mycobacterium tuberculosis бактериясын жұқтырған азаматтарды анықтау, емдеу және мәжбүрлі емдеуге бағытталған НҚА егжей- тегжейлі баяндайды. Тақырыптың мәнін ашу үшін мақалада тарихи зерттеу және жүйелі зерттеу тәсілі қолданылады. Мақала медицина, заң және халықаралық құқыққа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналады.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, туберкулез, алдын алу, емдеу, қадағалау.
