ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы кейбір социалистік елдердегі саяси дағдарыстардың себептері мен салдарларының негізгі астарлары
Аңдатпа
40-жылдардың аяғында мемлекеттік құрылым үлгісі ретінде кеңестік үлгі бойынша құрылған тоталитарлық жүйенің бекітілуі, Шығыс Еуропа елдерінде әлеуметтік-саяси және экономикалық дағдарыстардың тұрақты түрде пайда болып, кең етек алып, ұлғая түсуіне әкелді. Әлеуметтік- экономикалық қайта құрулардың кеңестік тәжірибесін көшірудің салдары халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауымен қатар демократиялық еркіндіктерінің шектелуіне соқтырды. Мұндай қорытындыны дәлелдеудің дәйектемесі ретінде бір жағынан, 1953-1956 жылдардағы Польша, Венгрия және ГДР-дағы ірі қоғамдық-саяси дағдарыстарды, екінші жағынан мемлекеттің іс- әрекетін сынаушыларға қатысты қудалау саясатының шұғыл күшеюін атап өтуге болады. 1956
© 2018 Al-Farabi Kazakh National University
жылғы венгерлік саяси оқиғаның тарихын жан-жақты зерделеу постсоциалистік елдердің барлығы үшін ерекше мәнге ие, өйткені бұл кеңестік үстемдікке қарсы шыққан алғашқы қарулы қарсыластық болатын. Бүкіл әлемге КСРО-ның бақылауындағы Шығыс Еуропаның күшпен ұсталынып отырылғандығы айқын көрсетілді. Венгерлік саяси оқиғалар сонымен бірге әлемдік коммунистік қозғалыстарды дағдарысты жағдайларға душар етті. Кейбір коммунистік партиялардың ішінде екіге бөліну орын алды. «Ұлттық коммунизм» туының астына біріккендер айыптаса, екіншілері Венгриядағы кеңестік әрекеттерді қолдап жатты. Сонымен бірге КСРО- ның күштеу саясаты Батыста бұған дейін өздеріне қызығушылық танытқандарды, әсіресе зиялы қауымды енді өздерінен айнытып алды.
Түйін сөздер: Венгрия, ГДР, Польша, әкімшілік-әміршілдік жүйе, мемлекет, саясат, дағдарыс.
