Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары

Авторлар

  • A. R. Alipbaev
  • А. Espan

Кілт сөздер:

Оңтүстік Азия, БҰҰ, мемлекетаралық мәселелер, трансшекаралық өзендер, келісім, келіссөздер, мемлекет, реттеу, халықаралық ынтымақтастық,

Аңдатпа

Бұл мақалада Үндістан мен Бангладеш арасындағы өзекті мәселелердің кейбір астарлары қарастырылады. Үндістан мен Бангладеш арасындағы қатынастарды күрделендіре түскен мәселелер үш санатты қамтиды. Олардың біріне Ганг өзенінің суын бөлісу туралы мәселе жатады. Екінші мәселе – Бангладештен ағылған заңсыз иммигранттар болса, Үндістан жағы олардан қорғану үшін сондай-ақ заңсыз иммигранттардың толқынынан қорғану үшін Үндістан тіпті тікенек сымдардан қорған салған еді. Қатынасты шиелендірген келесі бір мәселе Бенгал шығанағындағы кішігірім бір аралдың кімдікі екендігіне қатысты дау еді. Ол Нью-Мур аралы ретінде және Батыс Бенгалияда Пурбашеби деген атаумен, ал Бангладеште Талпатти деген атпен белгілі. Осы мәселелерді және екі елдің болашақ қатынастарын талқылай келе, мақалада осы мәселелердің шешілуіне кедергі келтіріп отырған факторлар қарастырылады және екіжақты қатынастарды Оңтүстік-азиялық қауымдастық шеңберінде дамытуы жөнінде кейбір ұсыныстар жасалынған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений