Болашақ білікті мұғалімдерді заманауи мектепте жаңартылған мазмұнмен жұмыс істеуге дайындау

Авторлар

  • Г. Кокибасова
  • Г. Карипбаева

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасы білім беруде заманауи
тәсілдерді белсенді енгізетін, оқу процесі кезінде игеруі тиіс іскерлік дағдылармен қаруланған
құзіретті мамандарды даярлауға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты: білім беру бағдарламасының жеті модулінің негізгі идеяларын енгізу
арқылы, студенттердің топтық және жеке жұмысын тиімді ұйымдастыру, жеті модульдің
идеяларын практикада қолдануға үйрету. Сондай-ақ студенттердің бойында танымдық
белсенділік және шығармашылық тәуелсіздік сияқты құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Білім беру саласын жетілдіру мақсаттарды қойып, бағытты айқындайды және осы бағдарлама
негізделетін принциптерді табудан басталады. Білім беруді модернизациялау бағдарламасы
конструктивистік және әлеуметтік конструктивті идеяларға негізделген.
Зерттеу нәтижелері: студенттердің оқу материалын түсіну деңгейі тереңдей түсті және таным
белсенділігі мен шығармашылық дербестігі дамыды. Студенттердің кәсіптік қызметке ынтасы
артып, қәсіби құзреттіліктері дамыды.
Түйін сөздер: білім беруді дамыту, жеті модуль, конструктивтік идеялар, кәсіби құзіреттіліктер,
мотивация, SWOT-талдау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-15