Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік-мәдени біліктілігін қалыптастыру

Авторлар

  • А. Мұртаза
  • Г. Жанұзақова

Аңдатпа

Мақалада тілді меңгерту арқылы өзге елдің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен етене танысудың, сол елдің тұрақты азаматы сияқты әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру үшін жан-жақты (мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлттық-этнографиялық, дәстүрлі) ақпаратты тіл арқылы меңгертудің тың әдістемелік технологиясы қажет болды. Авторлар осы технологияның маңыздылығын жұмысымызда айқындап көрсеттік. Әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің лингвомәдени, лингвокогнитивтік, дискурстық, мәдениаралық коммуникация аясында қалай қалыптасатыны жөніндегі ұсыныстарымыз болашақта қазақстандық дипломаттарды дайындауда, мемлекетті танытушы өкілдерді даярлауда, шетелдегі елші-корреспонденттердің тұлғасын қалыптастыруда кеңінен қолданыла алады. Сондай-ақ жалпы қазақстандық азаматтардың әлемдік элита ортасында еркін қарым-қатынасқа түсе алуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы шет тілін үйретудің ең негізгі міндеттерінің бірі – тілді шынайы және толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Сондықтан да, отандық әдістемеде дұрыс мәдениетаралық қарым-қатынас және мәдениет диалогын жүргізуге қабілетті тілдік тұлға даярлау мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Жаңа заман талаптары шет тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр, соған сай шет тілінде қарым-қатынасқа түсу бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне бағытталып отыр.
Осы мәселені жүзеге асырудың ең басты жолы студенттердің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастыру.
Түйін сөздер: мәдениетаралық қарым-қатынас, әлеуметтік-мәдени, құзіреттілік, елші-корреспондент, біліктілік.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-15