Қазақстан Республикасының ұлттық экономика жүйесіндегі әуе тасымалдау саласы

Авторлар

  • Г. Алтаева

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық экономика жүйесіндегі әуе тасымалдау
саласы қарастырылды. Қазақстан Республикасының әуе саласының сипатты белгілеріне талдау
жасалынды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін азаматтық әуе саласы бойынша көптеген
жетістіктерге жетті. Әуе саласы бір орында тұрмайды, ал басты мақсат өзгеріссіз қалуда және оны
жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда – бұл экономика мен халықтың әуе
тасымалы саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және де әлемдік стандартқа сәйкестендіру. Осыған сүйене отырып, зерттеу жүргізу барысындағы
әуе тасымалдары нарығын дамытудың негізгі қағидалары ретінде келесілер таңдалынып алынды:
халықтың, Қазақстанның іскерлік қауымдастықтарының және әуе тасымалы нарығындағы басқа
да мемлекеттердің қажеттілігін қанағаттандыру; республика ішіндегі және шетелдегі жүк және
жолаушы тасымалы нарықтарын дамыту; қазақстандық әуе тасымалдаушылар мен әуежайлардың
аймақтық және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Түйін сөздер: әуе саласы, ұлттық экономика жүйесі, мәні, Қазақстан Республикасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-15