Цифрлық экономиканың жаһандық үрдістері мен перспективалары

Авторлар

  • A. Sailybayev
  • A. Ongdash

Аңдатпа

Мақалада шетелдік авторлардың цифрландыру тақырыбын қаншалықты қозғайтындығы, бұл бағытта біздің бәсекелес-әріптестеріміз шетелдік компаниялар мен елдерде қандай әрекеттер жасап жатқандығы туралы қарастырылады. Келесі қадамдағы талдаудың пәні ретінде әлемдегі және Қазақстандағы сандық технологияларды дамытудағы үрдістерді көрсететін түрлі талдау орталықтарының жарияланымдары танылды. Ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты қолжетімді шетелдік тәжірибе талданған болатын. Мақалада экономикадағы және қоғамдағы орын алған сапалы өзгерістер күшінде өзекті боп танылған экономиканың сандық сегментінің көрінісі, кәсіпорындардың менеджментіне және физикалық тұлғаларға өте үлкен мөлшерде трансакциондық шығыстарды қысқартуға және шаруашылық объектілермен, мемлекеттік құрылымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен алаңдар ұсынылған. Жүргізілген талдаудың қорытындылары жақын арада цифрландыру деңгейі тек бизнес емес, сонымен қатар тұтас елдердің бәсекегеқабілеттілігін анықтай алады деп үлкен сеніммен айта аламыз. Осымен бірге тұрақты бәсекелік артықшылыққа орын алып жатқан өзгерістерге тез бейімделе алатын және оның артықшылықтарын максималды түрде қолдана білетін елдер мен компаниялар ғана ие бола алады.
Түйін сөздер: цифрлық экономика, жаһандық үрдістер, цифрлау, цифрлық трансформация, үлкен деректер, индустрия 4.0.

Жарияланды

2018-10-15