ҚХР сыртқы саясатындағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері
Аңдатпа
Мақала қазіргі уақытта аса өзектілік тудырып отырған ҚХР энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатына арналып отыр. Жекелей алғанда, Қытайдың энергетикалық саясаты әлемдегі энергетикалық шикізаттың рөлінің артуы ауқымында зерттеледі. Ұлттық мүдделер есебінен энергетикалық саясатты қалыптастыру әлем елдерінің көбінде аса ашық тақырып болып саналады. Қытай Халық Республикасы үшін де энергетикалық фактор елдің керекті энергетикалық шикізаттың 40 % импорттауы жағдайында мемлекеттің маңызды экономикалық қауіпсіздігі санатында. Қытайдың энергетикалық стратегиясы келесідей міндеттерден тұрады: мұнайгаз шикізатына төмен бағаны сақтау, шетелдерден ҚХР мұнай тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз ету, энергетикалық ресурстар жөніндегі ғылыми білім және елдегі жеке мұнай түсімін дамыту. Былайғыда, Қытай энергетикалық саясатының екі негізгі аспектісін бағамдауға болады – экспорттаушы-елдерге деген тәуелділікті төмендету мақсатында елдің ішінде энергетикалық шикізат сұранысын тұрақтандыру; сыртқы аспект – көмірсутегі шикізатын тасымалдаушы-елдер тарапынан қатынасты нығайту. Қытай ірі энерготұтынушы елдердің көш басында тұрғандықтан, қазіргі уақытта сыртқы әлемге аса тәуелді. Елдің осындай ақуалы әлемдік экономиканың да
дамуына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Сондықтан да, салмақты жағдайына сай, экономиканың өсуінің баяулауына қарамастан, Қытай билігі ұлттық мүдделерінің есебіне негізделген елдің энергетикалық саясатын тиімді жүзеге асыруға күш салуда. Сондай-ақ мақалада әлемдік күрделі конъюнктура ережелеріне қарамастан энергетикалық шикізат тасымалдаушы-елдермен Қытайдың көп жақты байланысы да қарастырылады.
Түйін сөздер: энергетикалық шикізат, энергетикалық стратегия, экономика, импорттаушы-елдер, экспорттаушы-елдер, ұлттық мүдде, энергетикалық қауіпсіздік.
