ШЫҰ шеңберіндегі қазақстандық-қытайлық қатынастар
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың рөлімен айқындалады. Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ШЫҰ елеулі деңгейде ықпал етуде. Қазіргі кезеңде Қытай Орталық Азия елдерімен жақсы қарым-қатынастарға ие, әртүрлі салаларда жиі ынтымақтасуда, сонымен бірге аса жоғары деңгейде ел басшыларының жиі араласуы, бір-бірінің дамуына қолғабыс жасауда. Бірте-бірте жалпы ұтылыссыз ынтымақтастық пен ұтылыссыз нәтижелерге негізделінген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасы қалыптасып, ортақ мүдделерге қол жеткізуге жағдай туғызылды. Орталық Азияның халықаралық стратегиялық мәртебесін және Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды ұғыну, бізге Орталық Азия елдерінің қазіргі таңдағы стратегиялық ниеттерін түсінуге және Қытай мен Орталық Азия арасындағы стратегиялық арақатынастарды үйлестіруге көмектесері анық. Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ел және аймақтық мемлекет ретінде, Орталық Азияның саяси және экономикалық құрылымында, тіпті халықаралық алаңда маңызды рөл ойнауда. Сондықтан да Қытай Қазақстанмен тығыз қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда.
Түйін сөздер: Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия, ынтымақтастық.
