Қазіргі босқындар мен мәжбүрлі мигранттардың мәселесі: құқықтық шеңбер контексіндегі талдау
Аңдатпа
Жаһандық көші-қон халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың басты және анықтаушы тенденциясына айналды. Мәжбүрлі мигранттар мен босқындардың мәселесі ерте замандардан бастау алса да, оны шешу қазіргі кезеңде маңызды болып табылады. Жаһанданудың заманауи контексінде, қақтығыстардың жиіленуі мен әлемнің бүкіл аймақтарындағы өзге де күрделі процестердің негізінде бұл мәселе ерекше маңыздылық пен өлшемділікке ие болады. Табиғи апаттар мен экономикалық дағдарыстар тәрізді өзге да факторлар мүжбүрлі көші-қонның қайнар көздері болып табылады. Қазіргі контекстіде мәжбүрлі миграция мен босқындар ағынының көлемі зор және ауқымды зардаптарға ие. Мәселенің шешілуіне Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен оның арнайы мекемесі, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы үлкен үлесін қосады. Басты құжаттар осы құрылымның аясында және соның қолдауымен дайындалып қабылданған. Қазіргі кезде көші-қон процестерін координациялау мен қорғау үшін бірқатар сенімді құқықтық құралдар бар, алайда мигранттардың көшіп қонуының модельдері мен қабылдауының өзгергендігінен жаңа тәсілдер қажет. Одан басқа, заманауи мигранттардың көптеген санаттарын жоятын «қудалау» анықтамасындағы ақаулар БҰҰ шеңберінде жаңа жаһандық
келісімдердің қабылдау қажеттілігін күшейтті. Осылайша, бұл зерттеуде мәселенің қазіргі жағдайы мен теориялық тәсілдерді қайта қараудың маңыздылығы, соның ішінде, концептуалды аппараты, құқықтық аспектілері мен бүкіл халықаралық қауымдастықтың қатысуының кейбір практикалық тәсілдері қарастырылады.
Түйін сөздер: көші-қон мәселелері және халықаралық құқық, босқындар, мәжбүрлі көші-
қон, БҰҰ БЖКБ.
