Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы

Авторлар

  • G. Aydın

Аңдатпа

Азаматтық қоғамды қалыптастыру және оны дамыту посткоммунистік демократизацияның негізгі көрсеткіші екендігі анық. Еуропалық Одақ азаматтық қоғам құру саласында көптеген қызметттер атқарып келеді. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар Қазақстандағы азаматтық қоғам мәселесін зерттеуге бағытталған. Осы мақсатта алдымен зерттеудің әдістемелік негіздері анықталады. Екіншіден, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу тарихы қарастырылады. Үшіншіден, посткеңестік кезеңдегі азаматтық қоғамның дамуы сарапталса, төртіншіден, ЕО-ның азаматтық қоғам қалыптастыру барысындағы үкіметтік құрылымдар мен жекелеген қауымдастықтармен байланыстары сипатталады. Қорытынды бөлімде, Қазақстанда азаматтық қоғамның даму барысында қиындықтар мен кедергілердің бар екендігіне қарамастан, ЕО мен ҚР арасындағы осы салаға қатысты ынтымақтастықты ары қарай да белсенді түрде жалғастыру керектігі айтылады. Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық мүдделері мен тұрақтылықты сақтау үшін азаматтық қоғамды дамытуда реформалар жасауға дайын екендігін көрсете білді. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің көпвекторлы сыртқы саясатындағы тепе-теңдіктің сақталуына да аса қатты мән береді. ЕО Қазақстанның ұлттық мүдделерінің сақталуына мән бере отырып, Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға атсалысып келеді. Бірақ бұл даму бағытымен азаматтық қоғамның күтілетін нәтижесіне жетуге ұзақ уақыт керек етеді. Жаңа буын өкілдері Қазақстандағы маңызды мемлекеттік билікке қол жеткізгенде бұл мәселенің шешілуі қажетті қарқын алады.
Түйін сөздер: Қазақстан, Еуропалық Одақ, Азаматтық қоғам, Демократизация, Тұрақтылық.

Жарияланды

2018-10-15

Журналдың саны

Бөлім

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мәселелері