Еуразиядағы білім беру көші-қоны: жаңа трендтер

Авторлар

  • M. Molchanov
  • G. Baikushikova
  • A. Kuzembayeva

Аңдатпа

Қазіргі әлемде халықаралық білім беру көші-қоны қарқынды дамуда. Мақалада еуразиялық кеңістіктегі білім беру көші-қонына талдау жасалынып, аймақтағы білім саласындағы көші-қонының жаңа үрдістері анықталған, білім беру көші-қонындағы ағымдық өзгерістерге кешенді баға берілген. Осы үрдісті зерттеудегі теориялық көзқарастарды жүйелей отырып көші-қон үрдістерін зерттеу, авторларға аймақтағы білім беру көші-қонының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада студенттердің көші-қон жоспарларына әсер ететін факторларға, білім беру көші-қонының салдарына үлкен көңіл бөлінеді. Студенттердің шетелдік оқу орындарына бейімделуінің негізгі мәселелері, сондай-ақ жоғары оқу орындарында шетел студенттерін оқытуға байланысты пайда болатын проблемалар мен тез арада шешімді қажет ететін мәселелер анықталды. Көші-қон жүріс-тұрысының ерекшеліктері мен болашағы, студенттердің көші-қон көзқарасы анықталды. Авторлар білім беру саласындағы көші-қон мәселесін жағымды құбылыс көзқарасынан да, жағымсыз тұрғысынан да қарастырған. Жүргізілген талдау негізінде білім беру көші-қонының мүмкіндіктері мен салдарына қорытынды жасалынып, бүгінгі күні білім беру мигранттарын тарту мен ұстап қалу үшін әлемдік білім беру орталықтарының арасында үлкен бәсекелестіктің орын алғандығы тұжырымдалған. Авторлар Еуразия аймағындағы елдердің көші-қон ағындарын қалыптастыруға қосқан үлесін анықтап, білім беру мигранттарын тартатын жаңа орталықтар анықталған.
Түйін сөздер: білім беру көші-қоны, білім мигранттары, білім беру нарығы, Еуразия, Қазақстан.

Жарияланды

2018-10-15

Журналдың саны

Бөлім

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мәселелері