Көлік интеграциясы Еуразиялық экономикалық одақтың даму тренді ретінде

Авторлар

  • K. Makasheva
  • M. Gubaidullina
  • Ye Konuspayev

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың көлік интеграциясы және оның көлік дәліздерінің саяси, экономикалық және әскери құндылығын нығайтудағы рөлі қарастырылады, Еуразиялық экономикалық одақтың көліктік-логистикалық әлеуеті және оны дамыту мүмкіндігі, Еуразиялық кеңістіктегі көлік интеграциясына әсер ететін негізгі факторларды, еуразиялық көліктік әлеуетті дамытудың басымдықтарын сараптауға көп көңіл бөлінеді. Еуразиялық кеңістікте көлікті біріктіру үдерісін зерделеу барысында, Еуразиялық экономикалық одағының транзиттік және логистикалық әлеуетіне, еуразиялық көлік әлеуетін дамытудың мәселелері мен болашағы жеке қарастырылады. «Еуразия трансқұрлықтық дәлізі», аралас көліктің жаңа жоғары жылдамдықты тасымалдауы «Жібек жолының» жаңарған бөлігінің басты элементі болуы керек. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының аясында құрылады. Болашақта Еуразия құрлығында басқа елдерден,
ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қытайдың ШЫҰ-дағы әріптестері кіретін
жаңа аймақтық интеграциялық блок құрылуы мүмкін. Егер 2025 жылға қарай Бірыңғай көліктік
саясатты қалыптастыру үдерісі аяқталса, кез келген көлік түрлерімен тасымалдаудағы барлық
кедергілер жойылса, онда Еуразиялық экономикалық одақтың көлік жүйесі жұмыс істеудің жаңа
деңгейіне жетеді, бұл олардың интеграциясын көрсетеді.
Түйін сөздер: көлік интеграциясы, транзит, көлік дәлізі, бірыңғай көлік кеңістігі.

Жарияланды

2018-10-15

Журналдың саны

Бөлім

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мәселелері