Жария сатып алуларды құқықтық реттеудің түсінігі мен мазмұны жайлы
Аңдатпа
Мақалада жария сатып алулардың түсінігі, сондай-ақ жария сатып алуларды реттеу саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық құжаттардың жалпы сипаттамасы берілген. Жария сатып алуларды құқықтық реттеу субъектілерінің құқықтары, міндеттері және біркелкі ережелерді анықтау жолымен жария сатып алулар саласын реттейтін мемлекетпен құқықтық нормаларды қабылдау, түзету және қолдану болып табылатын күрделі және үздіксіз үрдісті білдіреді. Авторлардың пікірінше, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру, сонымен қатар оларды басқару мемлекеттің қажеттілігі үшін сенімді жеткізуші мен ұтымды бағада тауарлар мен қызметтерді қажетті сапа мен мөлшерде алуға бағытталған елдің экономикасына мемлекеттің әсер етуінің басты құралдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты кейбір шет мемлекеттерде мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеудің мысалдары келтірілген. Осымен қатар авторлар «мемлекеттік сатып алу» және «мемлекеттік тапсырыс» түсініктерінің арақатынасын, жария сатып алулардың кейбір халықаралық ұйымдармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелуін қарастырады. Қорытындылай келе, жалпы алғанда мемлекеттің экономикалық, құқықтық, әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ мақсатты бағдарламаларды іске асыру, мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жария сатып алулардың маңыздылығы аталып өткен.
Түйін сөздер: мемлекеттік сатып алулар, жария сатып алулар, үкіметтік сатып алулар, ДСҰ, ЮНСИТРАЛ.
