Мәдениет индустриясындағы авторлық құқықтың өзекті мәселелері – Корей болашағы
Аңдатпа
Мақала авторлық құқық ұғымы, авторлық құқықтың өзекті мәселелері, авторлардың
құқықтарын қорғау, сондай-ақ Корея заңнамасындағы мүліктік емес құқықтар туралы
түсініктерді құрайды. Авторлық құқық – программалық бұйымды әзірлеуге қатысты
автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық
құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты
реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі
халықаралық конвенциялармен реттеледі. Корея Республикасындағы авторлық құқықтың
тарихы мен қазіргі таңдағы авторлық құқықтың жағдайына талдау жасалған. Сонымен қатар,
Кореядағы авторлық құқықтың дамуы туралы баяндайды. Корея Республикасында авторлық
құқық саласындағы заңнама уақыт өте қатаң болды. 1950 жылдары Оңтүстік Кореяда қоғамдық
пікір кітапті көшірмелеуді ұрлық деп қарастырған жоқ. Содан бері корейлік заңнама авторлық
құқықпен қорғалған туындыларды жасайтын түрлі салалардың мүдделерін қорғау үшін және
Корей заңнамасын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының стандарттары сияқты халықаралық
стандарттарға сәйкес келтіру үшін бірнеше рет өзгертілді.
Бұл мақала авторлық құқық туралы заңға түзетулер енгізу мәселесін талдауға арналған.
Автордың пікірінше, заңға енгізілген түзетулер тиімді заңнамалық реттеуді қажет етеді.
Сондай-ақ, Корея Республикасында авторлық құқықты дамыту туралы айтылады. Бұл
мақалада автор авторлық құқықты реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, авторлардың
құқықтарын қорғау мәселелерін қарастырады.
Түйін сөздер: автор, авторлық құқық, мәдниет, мүліктік емес құқықтар, интеллектуалдық
құқық, интеллектуалдық меншік.
