Жаңа сандық технологиялардың даму кезеңіндегі авторлық құқықты қорғау
Аңдатпа
Қазіргі уақытта жаңа технологиялар мен ақпараттық қоғамның қарқынды дамуы – зияткерлік меншік құқық түрлеріне, әсіресе, авторлық құқыққа ықпал етуде. Өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай кез келген адам авторлық құқық материалдарына сандық технология арқылы оңай, арзан әрі жылдам қол жеткізіп авторлық құқықтың өрескел бұзылуына жол беріп отыр. Мысалы, кез келген азамат интернет-ресурс арқылы авторлық құқықтың объектілері болып табылатын миллиондаған бейне, музыка және әдебиет туындыларын еркін көшіріп, қайта шығарып не жариялы түрде тарата алады. Қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, автор ағымдағы заңнаманың авторлық құқықты қорғаудағы жай-күйі туралы мәселені көтереді. Осы сұраққа жауап беру мақсатында авторлар англо-американ заң жүйесіндегі кейстерге сүйене отырып, авторлық құқыққа қатысты файлмен бөлісу, заңсыз көшіру және сандық қарақшылық тәрізді құқықбұзушылықтарға тоқталады. Авторлық құқықбұзушылыққа қарсы заңнамаларға, әсіресе, Ұлыбританияның 1988 жылғы Авторлық құқық, Дизайн және Патент туралы және Құрама Штаттардың 1998 жылғы Сандық Мыңжылдық Авторлық құқық туралы заңдарыңа шолу жасайды. Мақала соңында авторлар сандық технологияға қарамастан, авторлық құқық өзінің өзектілігі мен негізділігін жоғалтпағандығы туралы қорытынды жасайды.
Түйін сөздер: авторлық құқықбұзушылық, сандық технологиялар, файлдарды ортақ пайдалану, көшіру, қарақшылық.
