Қашықтықтан оқудағы өз бетінше білім алудың рөлі
Аңдатпа
Қазіргі тез өзгермелі әлемде білім беру жүйесі заманның көптеген сын-тегеуріндеріне
төтеп беруге мәжбүр. Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың жаңа тәсілдемелері, жаңа
ұрпақ стандарттарын ендіру басым мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, ал оларды шешу
білім берудің жоғары деңгейлі сапасын талап етеді. Бүгінгі күні қоғам танымдық қажеттіліктері
дамыған, өз бетінше білім алуды және өздігінен дамуды мақсат тұтқан, алған білімдерді
пайдалана алатын, заманауи ақпараттық кеңістікте бейімделе алатын түлектерге мүдделі.
Педагогикалық зерттеулердің дербес тәуелсіз бағыты ретінде студенттің жеке тұлғасының
өз бетінше білім алуы ғылымда біршама жақында ғана пайда болды. «Өз бетінше білім алу»
термині зерттеулер мен ғылыми-педагогикалық жарияланымдарда жиі кездеседі, бірақ ғылымда
зерттеліп отырған мәселеге бірыңғай тәсілдеме әлі анықталған жоқ. Студенттердің білім берудің
субъектілері ретіндегі жаңа жағдайын ескере отырып, жоғары оқу орындары олардың нысаналы
ұйымдастырылған өзіндік жұмысының мәртебесін қайта құрып, оның нормативтік-құқықтық
және ақпараттық базасын жетілдіруде. Оны дамытудың бағыттарының бірі қашықтықтан оқу
нысаны болып табылады, оның негізін өз бетінше білім алу құрады. Студенттердің өз бетінше
білім алуы деп біз белгілі бір жеке тұлғалық және қоғамдық маңызды білім мақсаттарына қол
жеткізуге бағытталған қызметті түсінеміз: кәсіби тілектерді қанағаттандыру, жаңа білім алу,
кәсіби білімді үздіксіз жалғастыру, соның арқасында білімнің өзектілігі артып, ол кеңейе түседі.
Студенттердің өз бетінше білім алу құрылымында уәждемелік құрауыш ең маңызды нәрсе, ол
мыналарды қамтиды: кәсіби мүдде, өзін-өзі жетілдіруге талпыныс. Қашықтықтан оқу үрдісінде
тәрбие сипатындағы белгілі бір қарым-қатынастар пайда болып, солар өздігінен даму үрдістерін
үдеткіш болып табылады. Өз бетінше білім алу жеке және қоғамдық құндылық болып табылады,
жастардың жұмылғыштығы және білім беру саласындағы зор мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Студенттердің жеке білім алу жолдарын жүзеге асыру құралы ретінде қашықтықтан білім алуды
ендіру Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың маңызды беталысы болып табылады.
Мақалада қашықтықтан оқуды тиімді жүзеге асыру үшін негіз ретінде өз бетінше білім алудың
ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттілігінің пайдасына дәлелдер келтірілген.
Түйін сөздер: өз бетінше білім алу, қашықтықтан оқу, оқу үрдісі, педагогикалық қолдау,
өзіндік жұмыс.
