Қазақстан Республикасының қазіргі еңбек нарығының жайы мен жұмыспен қамту құрылымы
Аңдатпа
Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту мәселелері үнемі ғылыми, саяси-қоғамдық
орталықтардың және басқа да мекемелердің зерттеу нысаны болып табылады. Ғаламдық
экономиканың қазіргі дағдарыстан кейінгі қалпына келу кезеңінде бұл мәселелердің өзектілігі
артуда. Еңбек нарығында орын алатын процестерді көптеген нарықтық экономиканың
экономикалық, әлеуметтік, демографиялық құбылыстары толықтай немесе ішінара қамтиды.
Сонымен, бұл мақаланың басты мақсаты еңбек нарығын және Қазақстандағы халықты жұмыспен
қамту құрылымын жүйелі түрде зерттеу болып табылады. Жаңа стратегиялық міндеттерді
жүзеге асыру жолында ең маңызды орынды білім, біліктілік және парасаттылық негізіндегі
адами ресурстары алады. Бұл мақалада қазіргі таңдағы Қазақстандағы халықты экономиканың
түрлі секторларындағы жұмыспен қамту құрылымының үрдістері мен динамикасына талдау
жасалады. Еңбек нарығының тиімді жұмыс жасауы қазіргі замандағы нарықтық экономикадағы
қарым-қатынастардағы көптеген сұрақтар мен мәселелермен тығыз байланысты. Зерттеудің
мәні мен практикалық маңыздылығы да сол мәселелерді шешу үшін жұмыспен қамту жөніндегі
теориялардың толық талдалуында жатыр.
Түйін сөздер: еңбек нарығы, жұмыспен қамту құрылымы, халықты жұмыспен қамтудың даму
үрдістері мен динамикасы.
