Климаттың өзгеруі саласындағы саясат: АҚШ сыртқы саясатына талдау жасау

Авторлар

  • A. Kuzembayeva
  • G. Baikushikova

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда экологиялық мәселелердің кешеніне кіретін климаттың ғаламдық
өзгеруі проблемасы қарастырылған. Соңғы онжылдықта әлемдегі экологиялық жағдайдың
ушығуы жылыжай газдарының атмосфераға шығуымен тікелей байланысты. Америка Құрама
Штаттары әлемдегі жылыжай газдардың шығарылымдары бойынша алдыңғы қатардағы ең ірі
мемлекет және өзінің қомақты қаржы ресурстарын жаһандық ауқымда климаттың өзгеруімен
күресуге жұмсай алады. Мақалада климаттың өзгеруі салдарларын жеңілдету мен бейімделу
бойынша шығындар ауыртпалығын мемлекеттер арасында әділетті түрде үлестіру қажеттілігі
туралы АҚШ-тың ұстанымы айқындалған. Осы зерттеуде АҚШ-тың экология саласындағы
саясаты қарастырылған, АҚШ-тың сыртқы саясатындағы климаттың өзгеруі мәселесіне
қатысты ұстанымына ықпал ететін ішкі факторларға талдау жасалған. АҚШ климаттың өзгеруі
мәселесі бойынша келіссөздерде маңызды рөл атқарады. Мақалада Дж. Буш-кіші, Обама және
Трамп әкімшілігі тұсындағы климаттың өзгеруіне байланысты саясатқа сараптама жасалған.
Республикалық және демократиялық әкімшіліктердің доктриналық көзқарастарындағы
сабақтастық пен айрықша белгілер айқындалған. Климаттың өзгеруі проблемасына қатысты
ұстанымға ішкі акторлар тобының ықпалы негізделеді. Республикалық және демократиялық
партиялар көшбасшыларының климаттың өзгеруіне байланысты қарама-қайшы көзқарастары
белгіленген. Көрнекті және айрықша ерекшеліктерді басқа мемлекеттерде және демократтарда
байқалады. Климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты түрде жүргізілетін талқылаулар табиғи
ресурстарға (көмір мен мұнай) бағыныштылық пен климаттың өзгеру салдарларын елемеу
саясаты арқылы айқындалады.
Түйін сөздер: экологиялық проблемалар, климаттың өзгеруі проблемасы, сыртқы саясат,
парниктік газдар, халықаралық ынтымақтастық, Париж келісімі.

Жарияланды

2018-04-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономиканың қазіргі мәселелері