Қазақстандағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бойынша құқықтық реттеудің тарихи аспектілері

Авторлар

  • Abdul Mobin Alami
  • Ye. Omirzhanov
  • A. Zharmukhametova

Аңдатпа

Қазақ қоғамы әрқашан да жетім балаларға қамқор болған және бұл елдің заңнамасы
мен әдет-ғұрыптық заңында көрініс алған. Берілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
Қазақстанның отбасы құқығының тарихи дамуын зерттеу болып табылады, оның ішінде көңілі
жетім балаларға байланысты мәселелердің құқықтық реттеуіне аударылады, мұның нәтижесінде
жетім балаларды тәрбиелеу мен асырап алуға байланысты заң нормаларына ықпал еткен оның
артықшылықтары, кемшіліктері мен тәжірибелері анықталады. Бұл жұмыста Қазақ хандығының
құрылуынан бастап қазіргі күнге дейінгі жетім балалар құқығы мен мүдделерін қорғауға
байланысты, оның ішінде асырап алу, қамқорлық пен патронатқа байланысты қазақстандық
заңдардың эволюциясы айқындалады. Әдет-ғұрып құқығы, кеңестік Қазақстанның отбасы
құқығы мен заманауи заңнаманың пайда болуына әсер еткен тарихи оқиғалардың себеп-салдары
қараcтырылады. Зерттеу жұмысында сонымен қатар, «Неке және отбасы» кодекстері секілді заң
құжаттары зерттеледі және берілген заңнамалық актілерді қарастыруда тарихи салыстыру әдісі
қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстанның отбасы құқығы тарихындағы әр кезеңде жетім
балалар мүдделерін қорғау бойынша көбірек нақты ақпарат алу мақсатында қазақстандық,
ресейлік және шетелдік ғалымдардың жұмыстары қарастырылады. Қазақстандық жетім
балаларды қорғау бойынша тарихи-заңнамалық шолу жұмыстарының саны аз болғандықтан, бұл
жұмыс жалпы қысқаша осы мәселемен танысуға көмектеседі.
Түйін сөздер: жетім бала, бала асырап алу, қамқоршылық, әдет-ғұрыптық құқық, отбасы
заңы, Кеңестік Қазақстан, Қазақстан.

Жарияланды

2018-04-20

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері