Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің мемлекеттік-құқықтық механизмі
Аңдатпа
Қарқынды дамып келе жатқан заманауи заң ғылымдарының екі саласының, атап айтқанда,
инвестициялық құқық пен экологиялық құқықтық арақатынасы көпқырлы және терең зерттеуді
қажет етеді. Осы екі құқық саласының тарихы дамуы жиі қарама-қайшы болып табылатын әлсіз
анықталған стандарттар мен қағидалар және шектелген заңи нормалардан күрделі құқықтық
механизмдерді құру мен оларды реттеуге дейінгі ауысумен сипатталады. Бұл өзгертулер, сондай-
ақ инвестициялық қызмет пен экологиялық реттеудің арасындағы қатынастарды өзгертті. Бұл
зерттеу қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы инвестициялық
қызметті қамтамасыз етудің мемлекеттік-құқықтық механизмін кешенді зерделеуге арналған.
Мақалада қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық қызметті қамтамасыз етуді
реттейтін мемлекеттік органдар, мемлекеттің қызметі, сонымен қатар инвестициялық қызметтің
субъектілері ретіндегі мемлекет пен оның органдарының ролі қарастырылған. Зерттеуде
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы инвестициялық
қызметті мемлекеттік басқарудың мәні ашылған және оның сипаттамасы берілген, осыған қоса
мемлекеттік реттеудің әдістері анықталған және жаңалары ұсынылған. Зерттеудің нәтижесінде
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша және оның
қолданылу тәжірибесіне теоретикалық және тәжірибелік ұсыныстар тұжырымдалған.
Түйін сөздер: инвестициялық қызмет, мемлекеттік басқару, мемлекеттік органдар, қоршаған
ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану.
