Антидемпинг бойынша ГАТТ пен ДСҰ прецеденттерінің анализі және ДСҰ дауларды қарастырудың жаңа тәртібінің инновациясын анықтау

Авторлар

  • Hongrui Zhao
  • S. Aidarbayev
  • S. Abil

Аңдатпа

Бұл мақалада антидемпинг бойынша ДСҰ дауларды шешу бойынша органының тәжірибесі
мен ГАТТ тұсындағы қаралған істерді талдау жасалады. Ондай талдаудың нәтижесінде аталған
даулар бойынша тәжірибені жүйелендіру және ортақ сипаттамаларды анықтау, сондай-ақ
даулар қарастыру жаңа тәртібінің инновациясын анықтау жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ
айтқанда, ДСҰ тұсындағы антидемпинг дауларын шешу тәртібі айтарлықтай жаңа еместігін, ДСҰ
құрылғаннан бері әрекет ететін атап өту маңызды. Бірақ мақалада ДСҰ-ға дейін қарастырылған
істер талданатынына орай, екі дау шешу рәсімдерін салыстыруға объективтік қажеттілік туындады.
Авторлар аталған рәсімдерде институциялық және операциялық өзгерістерде көрінетін өздері
екі құрамды екі негізгі инновацияны атап өтеді. Дау қарастыру тәртібін ондай реформалау
жағымды әсер тигізіп, шаралардың нәтижелілігін арттырады. Ол, өз кезегінде, сауда дауларының
тараптарына ДСҰ дауларды шешу органын тартымды етеді. Антидемпингтік прецеденттердің
ерекшелігі объектісі демпинг болып табылатын дауларға арнайы жасалған кодекс нормаларына
бағынатын рәсімдердің өзгешелігінен туындайды. Сондықтан ортақ сипаттамаларды анықтау
барысында негізгі категориялар болып дауды қарастыру кезеңдері алдында және сол кезеңдерге
сәйкес тәжірибенің үрдістері анықталды.
Түйін сөздер: антидемпинг, ДСҰ, ГАТТ, ДСҰ инновациялары.

Жарияланды

2018-04-20

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері