Адамның лайықты өмірге құқығы
Аңдатпа
Теориялық және құқық қолданушылық қызметті қолданудың қиыншылықтарын туғызатын
лайықты өмірдің біртұтас түсінігінің жоқ болуы және нормативті актілерде құқықтық түрде
бекітілмеуі, қазіргі таңда лайықты өмірге құқықты анықтау мен түсіндіру мәселелерін ғылым
аясында көптеген даулар мен пікірталастарды туғызуда.
Мақалада адамның лайықты өмірге құқығын қамтамасыз етуге ықпал ететін саяси-құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, әлеуметтік факторлар қарастырылып, Қазақстан
Республикасының әрекеттегі заңнамасы мен оның халықаралық-құқықтық нормалармен
арақатынасының негізгі мәселелері көрсетілген.
Мақсат пен қойылған міндеттерге жету үшін «лайықты өмірге құқық» түсінігіне ғылыми
тәсілдердің талдауы жүргізіліп, адам өмірінің сапасы пен деңгейі сияқты лайықты өмірдің негізгі
белгілері анықталып, олардың әрқайсысының құрамы ашылған. Қазақстан Республикасының
ұлттық заңнамасы мен саясатына, лайықты өмірге құқықты қамтамасыз ету аясында халықаралық
құқық нормалары мен халықаралық тәжірибені енгізу бойынша кейбір ұсыныстар берілген.
Авторлар қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында, лайықты өмір деңгейін
қамтамасыз ету мен өмір сапасын жақсарту түріндегі негізгі мақсат, лайықты өмірге құқықты
жүзеге асырудың мәселесі Қазақстандағы адам денсаулығы мен аман-саулығына жауапты, барлық
басқару органдарының біріккен күшімен шешілетін кешенді мәселе деп қорытынды жасауда.
Түйін сөздер: лайықты өмірге құқық, мемлекет, өмір сапасы, өмір деңгейі, адам мен
азаматтың құқығы.
