Ұлыбританиядағы лаңкестікпен күрестің кейбір астарлары
Аңдатпа
Қазіргі кезеңде лаңкестік жекелеген елдерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік
қоғамдастық үшін нақтылы қауіп-қатерге айналды. Экстремизмге қарсы күресте әлдеқайда
табысқа қол жеткізген және экстремистік көріністердің алдын алу мен жою жолында нақты
нәтижеге жеткен елдердің бірі – Ұлыбритания болып табылады. Мақалада экстремизмге қарсы
күресті ұйымдастыру қағидалары, ең алдымен оның алдын алу сипаты және тұрғын халықпен
кең көлемдегі әрекеттестігі «Ұлыбританиядағы жастар экстремизмінің алдын алудың» табысты
дәлелі болып табылатындығы түйінделеді. Экстремистік әрекеттердің алдын алу мен жолын
кес-кестеу барысындағы Біріккен Корольдік полициясының қызметтеріне қатысты құжаттармен
таныса келе және британдық полиция бөлімшелеріне қарасты бірқатар сайттарды қарастыра
отырып, жастар экстремизміне қарсы алдын алу сипатындағы күрес жалпылама күйде емес, қайта
«дәл» және «нақтылы» жүргізілетіндігіне көз жеткіздік. Дегенмен лаңкестікке қарсы тұрудың
коммуникациялық саласындағы нақтылы ұсыныстарды әзірлеуде жағымды және жағымсыз да
тәжірибелерді ескеру қажет. Бұл өз кезегінде Батыс елдерінің лаңкестікке қарсы бағытталған
әртүрлі қызметтерін зерделеудің өзекті де маңызды болып табылатындығының айғағы.
Түйін сөздер: Ұлыбритания, лаңкестік, экстремизм, күрес, ИРА, МИ-5, халықаралық, ұлттық
және діни азшылықтар, полиция.
