Қазақстан Республикасындағы украин диаспорасының тарихынан

Авторлар

  • K. Makasheva
  • V. Bernov

Аңдатпа

Көші-қон үдерістерін жандандыру контексінде иммигранттар топтарын шоғырландыру,
демократияны кеңейту және мультикультурализм саясатын, этникалық лоббизм көптеген
елдердің экономикасында да, саясатта да әсер етудің аса маңызды тетіктерінің бірі болды.
Диаспоралардың саяси әлеуетін Отанын дамытуға және оның халықаралық қатынастарына
пайдалану тәжірибесі өсті.
Белгілі бір халықтың біраз бөлігінің өз мемлекетінен немесе этникалық шекарасынан тыс
орналасуы диаспора болып табылады. Диаспораның құрылуының бас себептерінің бірі – ол
экономикалық, саясат, дін және де басқа мәселелерге байланысты халықтың миграциясы.
Осы себепте кез келген мемлекеттегі диаспораларды, сонымен қатар миграциялық ағымдарды
зерттеудің мән-мағынасы мен орындылығы жатыр.
Украин диаспорасы Украинаның халықаралық аренадағы позицияларын нығайтуға,
тұрғылықты елдерде және халықаралық ұйымдарда сыртқы саяси мүдделерді насихаттауға
және имиджді жақсартуға ықпал ететін әлеуетке ие.
Әлемдік саясатта этникалық лоббизмнің рөлін ескере отырып, Қазақстандағы украин
диаспорасының тарихын, динамикасын және қазіргі жағдайын зерттеп, оны саяси, экономикалық,
ақпараттық әсердің күшті факторы ретінде қарастырған жөн.
Зерттеуде бірнеше әдістер қолданылуы керек. Олар: жүйелі тәсіл, тарихи әдіс және
салыстырмалы талдау. Зерттеудің нәтижелері Украина мен Қазақстан арасындағы мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастықтың үрдістерін болжау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасындағы украиндар, қоныс аудару, ұлттық және мәдени
қалпына келтіру.

Жарияланды

2018-04-19

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық және аймақтық саясат мәселелері