Қытайдың жаһандық жобасы: Бір белбеу – бір жол
Аңдатпа
ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастар сахнасындағы ең белсенді, ықпалды және барлық
ойыншылар үшін аса маңызды мемлекет Қытай Халық Республикасы екендігі даусыз. Си Цзиньпин
бастаған Қытай басшыларының «бесінші буыны» бүгінгі күні батыл әрі жаһандық жобаларды іске
асыруды қолға алып отыр. Тамырын «Ұлы жібек жолынан» алатын «Бір белбеу – бір жол» жобасы
алпыстан астам мемлекеттердің басын қосып, барша әлемнің назарын өзіне аударып отыр. Әрине
бұл жоба әлі тек ең бастапқы сатысында тұрғандықтан, Қытай Халық Республикасы үшін де,
халықаралық қатынастардың басқа ірі ойыншылары үшін де әрі мүмкіндік, әрі нәтижесі нақты
белгісіз «сын» (вызов) болып отыр. «Бір белбеу – бір жол» жобасының негізгі бірнеше тармағы
Қазақстан Республикасы территориясын басып өтеді. Оған қоса, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының да қытайлық жобамен сәйкес келетін тұстары көп
болып отыр. Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы көпір іспетті транзиттік мүмкіндігі
тағы бар. Ендеше қытайлық «Бір белбеу – бір жол» жобасы Қазақстан Республикасы үшін
мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын және экономикалық қуатын, халықаралық және
аймақтық беделін көтеруге берілген таптырмас мүмкіндік.
Түйін сөздер: Қытай, Бір белбеу – бір жол, жаһандық жоба, Қазақстан Республикасы, Си
Цзиньпин.
