Орталық Азиядағы АҚШ мүдделерінің фокусындағы «Бір белдеу – бір жол» бастамасы
Аңдатпа
Мақала ҚХР-дың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысты АҚШ стратегиясының эволюциясын
сараптайды. Мақала авторлары ҚХР «Бір белдеу – бір жол» бастамасын бағалаудағы АҚШ
ұстанымын америкалық сарапшылар қоғамының бағасында да, ресми Вашингтонның бағасында
да жаһандану теориясы мен салыстырмалы және жүйелік тәсілдердің негізінде қарастырады.
Америкалық сарапшылар қоғамының да, 2013 жылы ҚХР Қытайдан Еуропаға бағытталған Жаңа
Жібек Жолын салу туралы жобасын жариялады, бұл сарапшылар мен саясаткерлер тарапынан
екітүрлі реакция тудырды. Екі тарап та Пекиннің міндеттердің көпқырлылығымен ерекшеленетін
қытайлық «Жаңа Жібек Жолы» жобасын іске асыруына толғаныстарын білдірді. Қытайлық
бастаманың геосаяси және геоэкономикалық сипаттамалары Орталық Азия аймағындағы АҚШ
пен ҚХР-дың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне алып келуі мүмкін. Қытайлық бастаманың
сәтті басталуы ресми Вашингтонның және америкалық сарапшылар қоғамының Жібек Жолы
Экономикалық Белдеуі мен ортақ мүдделерді іздеудегі өз позицияларын қайта қарауларына
алып келді. Мақалада Орталық Азиядағы көлік дәліздерін салу бойынша Қытаймен серіктестік
жолдарын іздеу қажеттілігі туралы бастамалар мен ұсыныстарды оң бағалаулардың пайда
болуына әсер еткен факторлар қарастырылады.
Түйін сөздер: АҚШ, ҚХР, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы, Орталық Азия, көлік дәліздері,
геосаясат.
