Қытай мен Үндістан арасында: Қазақстанның энергетикалық өлшемі
Аңдатпа
Табиғи пайдалы ресурстар қорына бай Қазақстанмен тығыз қатынасқа Үндістан мен Қытайдың
түсуі олардың Орталық Азиядағы энергетикалық белсенділігінде көрініп, жылдам өсіп келе
жатқан экономикалардың мұнайға деген сұранысының артуымен түсіндіріледі. Қазақстанның
сыртқы саясатының энергетикалық өлшемі тек Орталық Азияның геосаясатының өзгеруіне ғана
емес, Қытай мен Үндістанның қатысуымен Азияның геосаясатына да әсер етеді.
Авторлар Қазақстан-Қытай-Үндістан үшбұрышына сілтеме жасай отырып, энергетикалық
ресурстар геосаясатының теорияларына назар аударады. Қытай мен Үндістанның қатысуымен
Орталық Азиядағы геосаяси үдерістерге қатысты әртүрлі көзқарастарды зерттеу елдік (ұлттық)
қағида бойынша зерттеулердің үлкен көлемін жүйелеуге және әлі зерттелмеген проблемалық
мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар Еуразияның халықаралық конфигурациясына
әсер ететін энергия геосаясаттың бір бөлігі болып табылатын аймақтық үдерістерді сараптайды.
Қытай аймақтағы экономикалық қауіпсіздігінде нақты стратегияларға ие, мысалы мегажоба «Бір
белдеу, бір жол». Бұл мегажобаға Қазақстан мен Үндістанмен қоса Еуразияның барлық елдер
қатыстырылған. Авторлар Қазақстанның энергетикалық секторындағы екі елдің аймақтық
ұйымдарға қатысу контексінде, мысалы, ШЫҰ энергетикалық клубы немесе энергетикалық
еуразиялық клуб құру туралы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылайды. Қытай мен Үндістанның
Қазақстандағы/ОА энергетикалық мақсаттары тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
деген тұрақты қызығушылықпен байланысты.
Түйін сөздер: энергетикалық ресурстар, геосаясат, көпвекторлы Қазақстанның саясаты,
Қытайдың энергетикалық қызметі, Үндістанның энергетикалық қауіпсіздігі.
