Мәдениетаралық коммуникация тұрғысындағы сыпайылық категориялары және сөйлеу әдебінің коммуникативтік-прагматикалық ерекшеліктері
Аңдатпа
Осы зерттеу жұмысының негізгі социолингвистикалық тақырыбы ретінде лингвистикалық
феномен немесе өзара қарым-қатынас тақырыптарын атауға болады. Қарым-қатынас жүзеге
асырылатын тіл лингвистикалық анализдің дерек көзі ретінде қызмет етеді. Бір себептен,
лингвистикалық феноменді білу қарым-қатынастың процестері мен нәтижелерін негіздеу
үшін пайдаланылуы мүмкін. Осындай зерттеулер интеракционды социолингвистика саласына
жатқызылады. Интеракционды социолингвистиканың мәдени сәйкестендірілген интеракционды
стратегияларға тура байланысы бар. Осы зерттеудің мақсаты – өтініш және кешірім сұрау
кезіндегі сөйлеу актілерін мәдениетаралық аспектіде талқылау болып табылады. Неғұрлым
нақтыланған деңгейде бұл жұмыс сыпайылық және жанамалық арасындағы өзара байланысты
зерттейді. Өтініш әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес тұжырымдалуы тиіс болғандықтан,
ол “жағымсыз қоғамдық тұлғаға адресаттың төндіретін қаупі” ретінде қарастырылады (Браун
және Левинсон, 1987). Осы зерттеу жұмысы үшін деректер жинауда көп нұсқалы дискурсивті
тапсырмалар (КДТ) қолданылды. КДТ деректерді жинау әдісі болып табылады, оның көмегімен
әр түрлі тілде абсолюттік салыстырмалы деректер жинауға болады. Бұл бірнеше мәдениетке тән
сыпайылық нормалар жайында қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Деректер Бурч, Сараево,
Босния және Герцеговина Университеттерінде оқитын босния және түрік текті студенттердің
жауаптарына негізделген. Зерттеуге ағылшын тілі мен әдебиеті бөліміндегі бірінші және екінші
курстың қырық үш студенті қатысты. Зерттеу жұмысы барлық деректерді сапалық талдауға
негізделеді. Сонымен қатар, мәдениетаралық салыстыруда сандық талдау пайдаланылады.
Деректерді талдауды сипаттау үшін, сондай-ақ жыныстық тиістілігіне байланысты қарастыруға
мүмкіндік беретін айнымалы құрал қолданылады. Бұл одан әрі терең талдауқажет болған
жағдайда қолданылуы мүмкін. Нәтижелер өтініш білдіру және кешірім сұрау стратегиялары
мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты өзгеріп тұратынын көрсетті.
Түйін сөздер: сыпайылық, өтініш, кешірім сұрау, мәдениетаралық прагматика, дискурсивті
стратегия.
