Қазақстандағы суррогат ананың құқықтық реттелуі

Авторлар

  • А. Отарбаева

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңдағы медицинаның генетикалық ата-ана атану жолындағы жетістіктерінің
бірі суррогат ана түсінігімен байланысты өзекті мәселелер қарастырылады. Автор суррогат ана
түсінігі мен түрлері (жартылай және толық, дәстүрлі және дәстүрлі емес); суррогат ана болудың
талаптары; суррогат ана қызметін кімдер пайдалана алады; суррогат ана қызметіне Қазақстанда
және шет елдерде рұқсат берілген бе (коммерциялық немесе коммерциялық емес негізде) деген
тақырыптарды зерттейді.
Автор суррогат ана қызметін отандық және шетелдік тәжірибеге сай талдап, заңға сәйкес
суррогат ана қызметін алу жолдарының ерекшеліктері және кемшіл тұстарын көрсетеді.
Дүниежүзіндегі суррогат ана қызметін пайдалануға заң жүзінде рұқсат берілген және рұқсат
берілмеген мемлекеттерге тоқталып, аталған қызметке заңмен рұқсат берілмеудің себептерін
анықтайды. Суррогат ана қызметін пайдалану барысында суррогат ананың құқығы мен баланың
тағдырына ерекше назар аударады, Қазақстандық және шетелдік заңнамаларды салыстыру
арқылы суррогат ананы құқықтық реттеудің оңтайлы жолдарын анықтайды.
Зерттеу барысында суррогат ана деген кім және оған қойылатын талаптар; Қазақстан
Республикасы азаматтары мен шетел азаматтарының Қазақстан аумағында суррогат ана қызметін
пайдалануы мен суррогат ана келісім-шартының жасалу тәртібі көрсетілген.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, суррогат ана, келісім шарт.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Хaлықaрaлық және мемлекетішілік құқық мәселелері