Ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемі: ҚХР мысалы
Кілт сөздер:
Қытай, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, экономика, Қытай Коммунистік партиясы,Аңдатпа
Бұл мақала қазіргі Қытайдағы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін сараптауға арналған. Ақпараттық индустрияның дамуы, оның ұлттық экономикадағы рөлінің өсуі осы саладағы қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын арттырған болатын. Ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін зерттеуде Қытайдың осы саладағы өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін ескеру қажет. Сонымен қатар, мақалада ҚХР-дағы экономика саласындағы басты қауіп-қатерлер, ақпараттық қылмыстардың негізгі түрлері мен мемлекеттің осы саладағы шараларына шолу жасалады. Қытай үшін ақпараттандырылған экономика өмірлік маңызы бар сала болып табылғандықтан, оған қатысты тиімді саясат пен жауапты органдарды анықтаудың маңызы өте үлкен. Қытайдың бір ерекшелігі: ақпараттық қауіпсіздік саласында бірнеше мүдделі акторлардың болуы, мысалы олардың ішінде Коммунисттік партияның Орталық комитеті, министрліктер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелер кездеседі. Қазіргі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық аспектілерінде ҚХР басшылығы өзіндік саяси бағытты іздену үстінде.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемі: ҚХР мысалы. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/75
