Жаңа геополитикалық кезеңдегі Орталық Азия мемлекеттерінің көп векторлық саясаты

Авторлар

  • E. Chukubayev
  • A. Savchuk

Аңдатпа

Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Түркменстанның көп векторлық сыртқы саясат феномені Кеңес Одағының ыдырауынан кейін
Орталық Азияның түрлі болашақ даму нұсқаларына жауап ретінде пайда болды. Орталық Азия
ұзақ тарихи кезеңде Оңтүстік және Шығыс Азиямен Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы
байланыс көпірі болған. Әлемнің жетекші акторларының Орталық Азияға деген қызығушылығы
аймақтың геополитикалық және геостратегиялық жағдайымен байланысты. Сол кездегі
Орталық Азия мемлекеттерінің көп векторлық сыртқы саясатқа бағыттануы өз мемлекеттерінің
тәуелсіздігін нығайтуға, ішкі саясат реформаларын өткізуге және мемлекеттің болашақ дамуына
арнайы бөлінетін инвестиция көлемін көбейтуге бағытталған шешім, себебі көп векторлық
сыртқы саясат әлемнің ең басты мемлекеттерімен өткізілетін байланыстарда теңдікті сақтау
мүмкіндігі болып саналады. 1991 жылдан бастап 25 жыл ғана өткеніне қарамастан Орталық Азия
аймағындағы геополитикалық қатынастар жүйесі өзгеріске ұшырады, мемлекеттердің басшылығы
көп векторлық сыртқы саясатты бұрынғыдай ұстануы оңайға түспейтінін аңғаруда. АҚШ-тың
аймақтағы мәселелерге қатысуының азаюы, Украина дағдарысы және Қытайдың Орталық Азия
мемлекеттеріне деген жоғары қызығушылығы аймақ мемлекеттері үшін көп векторлық сыртқы
саясат өткізуде кедергі болуда. Дегенмен Орталық Азия мемлекетінің бір немесе бірнеше
векторы болып саналатын мемлекеттермен қарым-қатынастарының азаюы немесе керісінше
байланыстарды нығайтуы көп векторлық сыртқы саясаттан бас тарту деп саналмайды.
Түйін сөздер: Орталық Азия, Ресей, Қытай, АҚШ, геополитика, көп векторлық сыртқы саясат,
кеңістіктің қысқаруы, теңдестіру.

Жарияланды

2018-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мәселелері