Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылымды дамыту мәселелері
Аңдатпа
Осы мақала POST 2015 бағдарламасының 9 мақсаты – тұрақты инфрақұрылым құруға, бәрін
қамтитын және тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесуге, инновацияларды енгізуге арналады.
Көлік инфрақұрылымының жағдайы мен даму деңгейі өңірлердің тұрақты дамуы және олардың
өзара тиімді әрекеттесуін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Орталық
Азия аймағы үшін тұрақты инфрақұрылымның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, аймақ елдері географиялық оқшаулануды жеңу керек, аймақ жабықтығының және
әлемдік нарықтарға кіруді қамтамасыз ететін елдерден тәуелділік мәселелерін шешу қажет.
Инфрақұрылымдық мәселелерді табысты шешкен жағдайда, Орталық Азия мемлекеттері
мемлекеттік кіріс көздерін диверсификациялау мүмкіндігіне ие болады, экономиканың жаңа
салаларын құрып, шикізатты экспорттау тәуелділігін қысқарта алады. Әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртудың жаңа кезеңі аралығында ұлттық көлік-коммуникациялық кешенді дамыту саласында
оның әлемдік қызмет ету нарығында бәсекелесуге қабілетін қамтамасыз ету және республика
аумағы арқылы сауда легінің өсуін ынталандыру Қазақстан үшін басты мақсат болып табылады.
Бұл мақалада көлік дәліздерін дамыту жөніндегі сыртқы ойыншылардың түрлі жобалар
аймақтағы геосаяси жағдай тұрғысынан қарастырылады. ЕАЭС шеңберіндегі бастамашылықтар,
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы және «Жаңа Жібек жолы» жобасы талданады.
Түйiн сөздер: Орталық Азия, тұрақты дамуы, көлік дәліздері, «Нұрлы жол» бағдарламасы,
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы, ТРАСЕКА.
