Human security контекстіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының кеңеюі
Кілт сөздер:
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, аймақтық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, аймақтық ұйым, сыртқы саясат,Аңдатпа
Мақалада қазіргі кезеңдегі Human security шеңберіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының дамуы зерттеледі. Авторлар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді екі категорияға бөліп қарастырады. Бірінші категорияға жеке тұлғаның өмір сүруіне ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді, ал екінші категорияға экологиялық қауіпсіздік мәселелерін жатқызады. Мақалада, аталған әлеуметтік-гуманитарлық және экологиялық мәселелердің жеке тұлғаның өмір сүру деңгейі мен сапасына үлкен ықпал ететіні дәлелденеді. Босқындар, миграция, адам сату және денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен талдау жасалып, соңғы кездегі статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы анықталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің мақсат-бағыттары айқындалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Human security контекстіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының кеңеюі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/72
