Әкімшілік реформаларды дайындауды және жүргізуді жетілдіру мәселелері
Кілт сөздер:
ғылыми және ұйымдастырушылық мәселе, реформа, модернизация, әкімшілік реформа,Аңдатпа
Мақалада авторлар әкімшілік реформаны дайындау мен өткізуге байланысты негізгі ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырады. Авторлар бірқатар ғалым-мамандар, саясат- керлер мен шенеуніктердің «реформа» және «модернизация» ұғымдары бір мағыналы екендігі тура- лы ғылыми еңбектері мен қорытындыларын зерттейді. Алайда, авторлар «реформа» және «модерни- зацияны» бөлек ұғымдар деп есептеп, олардың айырмашылықтарын белгілейді. Әкімшілік реформаны модернизациялау мақсатында, авторлар әкімшілік реформаны дай- ындау мен өткізудің негізгі қағидаларын анықтайды. Дүние жүзінің мемлекеттерінде әкімшілік реформалардың тәжірибесі мен өткізілу мерзімдері талданады, әкімшілік реформаның мақсаттары мен міндеттері табанды айқындалған ресейлік тәжірибеге ерекше назар аударылған. Авторлар кең көлемді теориялық және тәжірибелік материалды талдау негізінде оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әкімшілік реформаларды дайындауды және жүргізуді жетілдіру мәселелері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 68(4). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/618
