Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі
Кілт сөздер:
әкімшілік әділет, сот жүйесі, әкімшілік құқық, судьялардың құқықтық мәртебесі, Германия,Аңдатпа
Республикамызда жүргізіліп отырған құқықтық жүйені реформалау арқылы тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланып, заң үстемдігі қамтамасыз етіліп келеді. Енгізіліп отырған демократиялық озық дәстүрлерді құқықтық жүйеге сіңдіріп, сот төрелігін жүзеге асыру, судьяларға қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық сот билігінің бейнесі күннен- күнге биіктеп келеді. Осы орайда, герман сот жүйесі қызметінің ұйымдастырылуына, Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесіне талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада неміс сот жүйесіндегі әкімшілік соттардың орны қарастырылады. Автормен Германия сот жүйесінің қалыптасуының алғышарттарына жалпы талдау жасалынады. Зерттеу барысында Германия әкімшілік сот судьяларының әкімшілік- құқықтық мәртебелерінің ерекшеліктері анықталды. Германия сот жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлардың рөлі қарастырылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 68(4). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/613
