Қазақстанда әлемдік еңбекті бөлуде агроөнеркәсіп кешенін инвестициялық- инновациялық дамыту стратегиясы

Авторлар

  • N. Е. Dabyltayeva

Кілт сөздер:

экономикалық механизм, АӨК, инвестиция, инновация, инвестициялық қор, мемлекеттік қолдау,

Аңдатпа

Ауылшаруашылығына ресурстар тартудың экономикалық механизмі бәсекеге қабілетті қаржылай тұрақты ауылшаруашылығы өндірісінің қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатта алдымен ауылшаруашылығы саласының негізін капиталына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау қажет, оның негізін өндірістің дамыған технологиялары, сонымен қатар оны іске асырудың қаржылай қолдаудың кешенді шаралары құрайды. Республикада инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған; жалпы ішкі өнім құрылымында жоғары технологиялық өнімнің үлесін арттыру; ғылыми технологияларды өндіріс үдерісіне енгізу және қолдану негізінде Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық даму жолына түсу бағытын анықтау болып табылады. Ол инновациялық қызметті іске асыруда ұлттық мүдделерді сақтау жолдарымен атқарылады; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау барысында инновациялық қызмет субъектінің өзара тепе- теңдігін қамтамасыз ету; инновациялық қызмет субъектілерінің өзара байланыстылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін шаралардың жүйелі және кешенді болуы қажет. Сондықтан, Қазақстан экономикасы дамуының тұрақты дамуы мен қалыптасуы инвестициялық қызметінсіз елестетуге болмайды және оны басқарудың тиімді механизмдерінің жаңа құралдарын анықтау қажет.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений