АҚШ-тың иммиграциялық саясаты: тенденциялар мен нәтижелері

Авторлар

  • R. Alipkyzy
  • Е. S. Chukubayev

Кілт сөздер:

АҚШ-тың иммиграциялық саясаты, АҚШ-тың еңбек Министрлігі, АҚШ-тың иммиграция жөніндегі заңы,

Аңдатпа

АҚШ-тың иммиграциялық саясаты осы салада тиімді стратегиялық шешімдер қабылдай алмай отырған бірқатар факторлардың әсеріне түсіп отыр. Бұндай факторлардың қатарында қоғамдық көңіл күйдің ауыспалығының әсері, иммиграцияның әлеуметтік және экономикалық табиғатын түсінбеушілік, келуші шетелдіктерді кемсіте отырып тұрғылықты халыққа қалыптасып қалған қолайлы жағдай жасау тәжірибесі, сонымен қатар әр түрлі саяси түсініктер жатады. АҚШ-тағы иммиграция бірқатар себептермен шартталған. Жалпы әдебиеттерде осындай себептердің қатарында: көші- қонға әсер ететін әлеуметтік желілердің бар болуы, иммигранттардың отанында жұмыс орындарының жетіспеушілігі, американдық экономиканың арзан жұмыс күшіне мұқтаждығы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений