Швейцария мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың кейбір аспектілері

Авторлар

  • G. Baikushikova
  • А. Stybaev

Кілт сөздер:

Швейцария, Еуропалық Одақ, еуропалық интеграция, бейтараптылық, көші- қон саясаты,

Аңдатпа

Мақала Швейцария мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара әрекеттестіктердің негізгі аспектілеріне арналған. Швейцария Еуропалық Одақтың мүшесі болмаса да еуропалық көршілерімен тығыз саяси және экономикалық байланыста. ХХI ғасырдың бірінші онжылдығында Берн мен Брюссельдің арасындағы қатынастары «екі жақты » келісімдердің екі пакетінің күшіне енуінен бастап тұрақты негізге ие болды. Алайда қазіргі таңда Еуропа мен Швейцария байланыстарында дағдарыс кезеңі орын алғандығы көптеген сарапшыларды ойландырғанын атап өткен жөн. Швейцария мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынас қандай деңгейде, қатынастардың болашағы қандай деген сұрақтарға осы мақалада жауап беріледі. Мақалада Швейцария мен Еуропалық Одақтың арасындағы қатынастардың тарихы және қатынастардың болашағы зерттеледі, аталмыш аймақтардың арасындағы проблемалық аспектілерді анықтауға мүмкіндік жасалынады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений