Әйелдерге зорлық- зомбылықты жою жөніндегі қолданатын шаралар мәселесі

Авторлар

  • L. B. Nyssanbekova

Кілт сөздер:

кемсіту, жою, зорлық, әйелдер, адам құқықтары, дәстүр, қоғам,

Аңдатпа

Бұл мақалада әйелдерге зорлық- зомбылықты жою мәселесі қарастырылған. Бұл мәселені халықаралық және ұлттық дәрежеде жою бойынша қабылданған және қолданылатын шаралардың дамуының негізгі үрдістерін саралай келе, қазіргі жаһандану заманында әйелдер құқығы өте маңызды мағынаға ие дейді автор. Әлі де әйелдің қоғамдағы рөлі туралы патриархалдық дағды үстемдікке ие болуда. Казақстан Республикасының Конституциясында жарияланған әйелдер мен еркектердің тең құқығы принципі мен оның тәжірибеде қолданылуы арасындағы алшақтық сақталып келеді. Автордың ойынша, бұл мәселе әйелдердің құқығын қамтамасыз ету аясында халықаралық құқық нормаларының нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталған әртүрлі халықаралық механизмдерді құру арқылы шешіледі дейді. Алайда әйел құқығы жөніндегі қабылданған Халықаралық конвециялар әрдайым қолданылмайды. Айелдерге зорлық- зомбылықты жою бойынша бірқатар шараларды нақты ұлттық құқыққа енгізу қажет

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений