ЕО сыртқы қатынастар құқығының ерекшеліктері
Кілт сөздер:
ЕО құқығы, сыртқы құзырет, ОСҚС, халықаралық шарттар,Аңдатпа
Мақалада ЕО-ң халықаралық қатынастардағы құқығының Лиссабон шартының күшке енгеннен кейінгі уақытындағы ерекшеліктері қарастырылған. ЕО құқығында өзгешеліктер мен ерекшеліктер бар, олар тек ЕО-ң негізін қалаушы екі шарт қағидаларын салыстыра отыра және ЕО құзыретін іске асыру тәжірибесін талдай келе айқындалады. Лиссабон шартының ЕО-ң сыртқы айрықша құзырет саласын кеңіткеніне қарамастан, ерекше жағдайлар әлі де бар: Көлік саясаты Ортақ сауда саясат саласынан тыс шығарылған және ЕО пен мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен құзыреті арқылы жүзеге асады; немесе Даму саясатындағы бірлескен құзыретінің өзгешелігі, ол ЕО-ң Дамыту мақсатындағы ынтымақтастық пен гуманитарлық көмек салаларындағы құзыреті мүше мемлкеттерінің өз құзыреттерін іске асыруды тоқтатпайды деген ескертумен жүзеге асады. ОСҚС ауқымының кеңдігі үшін оның және ЕО-ң басқа сыртқы істер салалары арасындағы шекарасы туралы мәселесі туындайды. Халықаралық шарттар жасасу аясы да ерекше жағдайларға ие, аралас шарттар ЕО пен мүше мемлекеттердің бірлесіп қатысуымен жасалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ЕО сыртқы қатынастар құқығының ерекшеліктері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 67(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/592
